Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құрбысының шашын қиып, соққыға жыққан қыздардың кім екені анықталды - новости Казахстана

Құрбысының шашын қиып, соққыға жыққан қыздардың кім екені анықталды - новости Казахстана

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіге кәмелетке толмаған қыздардың адам шошырлық төбелесі таралып кеткен болатын. Видеода қатарлас құрбысының шашын қиып, соққыға жыққан қыздардың кім екені анықталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Көрнекі сурет. Фото:slovo.kg
Source: Instagram

ІІМ Ішкі жəне сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевтың мәліметінше, жеткіншектердің төбелесі Байқоңырда орын алған.

"Құрбыларын қорлайтын əрекет жасап, оны видеоға түсіріп, жазбаны əлеуметтік желіге салған жасөспірімдердің аты-жөндері анықталды. Олардың барлығы да кəмелеттік жасқа толмаған, жергілікті орта мектептің оқушылары. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Алмас Садубаев.

Айта кетейік, әлеуметтік желіге таралып кеткен қыздардың әлімжеттігі көпшіліктің ашуын тудырған болатын. Желі қолданушылары белгізі аруды балағаттап, аяусыз қорлық көрсеткен қыздарды тауып, жазалау керектігін жарыса жазды.

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар

Автор
Бауыржан