Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Құраннан үзінді салғаным үшін” - Нұртас Адамбайға сот айыппұл салды

“Құраннан үзінді салғаным үшін” - Нұртас Адамбайға сот айыппұл салды

Астана соты актер Нұртас Адамбайға әлеуметтік желідегі парақшасында Құраннан үзінді жариялағаны үшін айыппұл салды.

"Астана қаласының дін істері басқармасы Instagram парақшама Құран Кәрімнің аудармасынан сөздер жазғаным үшін мені сотқа берді. Шынымды айтсам, біздің елде Құран аудармасын келтіруге болмайтынын білмедім", – деп жазды ол.

Актердің ісі әкімшілік кодекстің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы бойынша қарастырылды.
"Нұртас Адамбай  сотта жеңіліп қалды. Тамыздың аяғында бұл белгілі болды. Бұрынғы КВН мүшесі және актер діни материалдарды таратқаны үшінжеліде Құран сүрелерін/аяттарын келтіргені үшін 184 600 теңге айыппұл төледі. Бұл тек заңда көрсетілген жерлерде ғана жасалуы тиіс. Сондай-ақ ол мәдениет және ақпарат министрін, яғни Аида Балаеваны, тым болмаса оның орынбасарын сотқа шақыруды өтінді, бірақ оған бас тартылды", – делінген хабарламада.

фото: Instagram.com / nurtasadambay Читайте больше:
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары