Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құлсарыдағы шу шыққан оқушы үйқамақта болса да мектепке қайта оралды

Құлсарыдағы шу шыққан оқушы үйқамақта болса да мектепке қайта оралды
видеодан скриншот

Құлсары қаласындағы мектептегі жанжалға қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ. Соған қарамастан, сот шешімімен үйқамаққа алынған жасөспірім оқуын қайта жалғастырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқушының сабаққа оралғанын Атырау облыстық білім басқармасы "Ақ Жайық" басылымына растаған.

Ведомство мәліметінше, жарақат алған екі оқушы қазір ем қабылдап жатыр. Ал бұған дейін айтылған балта тергеу барысында табылмаған.

Сондай-ақ жасөспірімнің ауылдар арасындағы төбелестерге қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тексеріліп жатыр. Бұл эпизод бойынша әзірге нақты қорытынды жасалған жоқ.

"Тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады", – деді Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Марат Әбуов.

Басқарманың нақтылауынша, жасөспірімдер бұған дейін бір-бірімен достық қарым-қатынаста болған. Алайда соңғы уақытта олардың арасында жанжал туындаған. Алдын ала болжам бойынша, бұл қақтығыс оқушылардың бірінің араласатын ортасының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер