Оқиға күндіз, мектеп пен балабақша маңындағы тұрғын үй кешенінде болған. Абырой болғанда, күмәнданған тұрғын дер кезінде араласып, балаларды қорғап қалған.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1985 жылы туған, ІІ топтағы мүгедек азамат ұсталып, уақытша қамауға алынды. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Куәгерлердің сөзінше, күдікті мас күйінде болып, 7 және 9 жастағы балаларға тиісіп, сүймекке тырысқан. Ол балаларды алдап, өзімен бірге ертіп кетпек болған.
Журналист Сандуғаш Дүйсенова күдіктінің суретін жариялап, ата-аналарды сақ болуға шақырды.