"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ырымшыл халықпыз": Қарақат Әбілдина Мөлдір Мұқанның қызына сыйлық берді

"Ырымшыл халықпыз": Қарақат Әбілдина Мөлдір Мұқанның қызына сыйлық берді
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина әріптесі Мөлдір Мұқанның туған күн кешінде ерекше әсерлі сәт сыйлады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі бұл кеште Мөлдірдің қызы Айымға арнайы тарту жасап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Әнші өзінің мүшел жасқа толатынын атап өтіп, ырымға сәйкес ең қымбат әрі сүйікті затын сыйлауды жөн көрген.

Бейнежазбада Қарақат Әбілдинаның Айымға шашқа тағатын сәндік әшекей мен корсет сыйлағаны байқалады.

"Біз ырымшыл халықпыз ғой. Биыл мен мүшел жасқа кіремін. Осындай кезде өзіңнің қимайтын, жақсы көретін дүниеңді беру керек дейді. Үлкен сахнада жүргенімізге де 30 жылға жуықтапты. Бізден де асып түссін, жолымызды берсін деген ниетпен Айымға осы ерекше дизайнерлік дүниені тарту еткім келді", – деді әнші.

Желі қолданушылары бұл сәтті жылы қабылдап, пікірлерін жарыса жазды.

"Керемет!", "Қарақаттың жолын берсін!", "Өте әсерлі сыйлық!", – деп жазды олар.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер