KZNews.kz
Жаңалықтар

Қуанышты хабар: Құндыз бен Назгүл қауіпсіз ортаға көшірілді

Дархан Тоқан
Фото: Бейнежазбадан кескін / kznews.kz коллажы

Соңғы күндері Зүлфия Төленованың қамқорлығында болған Құндыз бен Назгүлдің түрлі бейнежазбалары тарылып, халықты түрлі сұрақтармен уайымдатып қойған еді. Бүгін тілші Руслан Өтепбайдың қатысуымен апалы-сіңілілер қауіпсіз ортаға көшірілді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Бұл туралы тілші өзінің парақшасында айтып, жағымды жаңалығымен бөлісті.

"Құндыз бен Назгүлді қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен қауіпсіз ортаға көшірдік. Алдағы уақытта қыздар осы жерде болады. Кейін олардың жағдайына сай тағы да жайлы, тұрақты орын қарастырамыз. Қыздардың тағдырына алаңдап, уайым білдіріп жатқан барша қазақ еліне үлкен рақмет!" - деді тілші.

Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде тараған Құндыздың өзіне айтылған балағат сөздерінің мәнін түсіндіріп, барша жұртты мән бермеуге шақырды.

"Қазір әлеуметтік желілерде Құндыздың маған қатысты айтқан балағат сөздері таралып жатыр. Оған мән бермеулеріңізді сұраймын. Бұл видеоны түсіріп, таратқан адамның мақсаты - психологиялық тұрғыда әлсіз, аурушаң қызды пайдаланып, ел алдында жаманатты ету. Сондықтан артық арандатуға ермейік. Құндыздың еркелігін көтере алмасам несіне аға болып жүрмін," - деп түйіндеді.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →