ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қуандық Шаңғытбаев | өмірбаяны

Қуандық Шаңғытбаев |  өмірбаяны

Қуандық Шаңғытбаев (1925–2001)

21 наурызда Ақтөбе облысының Қарабұтақ ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1943)

1944–1955 жж. Ақтөбе педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, облыстық «Социалистік жол», «Актюбинская правда» газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1955–1973 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында бас редактордың орынбасары, бас редактор, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақ радиосында бас редактор.

Алғашқы кітабы «Ар» деген атпен 1945 жылы жарық көрді. Кейін «Өлеңдер» (1965), «Аққу әні» (1968), «Стихи» (1970), «Арма, республикам» (1974), «Лирика» (Таңдамалы, 1976), «Жыр жаһаны» (Ауд., 1980), «Гүлтолқын» (1982), «Саршатамыз» (1982), «Жыл құсы» (Таңдамалы, 1987), «Махаббат пен ғадауат» (1995) лирикалық кітаптары жарық көрді. Қ.Байсейітовпен бірге «Беу, қыздар-ай» (1960), «Ой, жігіттер-ай» (1967), «Құтырғаннан құтылған» пьесаларын (1960), «Алтын таулар», «Айсұлу» (1963) операларының либреттосын жазды.

Көптеген ән өлеңдерінің авторы. А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романын (1949, 1986), М.Ю.Лермонтов, И.В.Гете, Р.Бернс лирикаларын, О.Хаямның рубаяттарын, М.Горькийдің «Қыз бен ажал» поэмасын (1941) қазақ тіліне аударды. Аудармашылық қызметі үшін Халықаралық Пушкин сыйлығына ие болды. Қазақстанның Халық жазушысы.

Автор
Мадияр