ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қуандық Шамахайұлы | өмірбаяны

Қуандық Шамахайұлы |  өмірбаяны

Қуандық Шамахайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттану саласының доценті, ҚР мәдениет қайраткері. Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты. 1993 жылы Монғолия жазушылар одағына мүшелікке өткен. Түрік жазушысы Әзиз Несиннің, қазақ жазушылары: Оралхан Бөкейдің, Бердібек Соқпақбаевтың, Төлеген Қажыбаевтың, Гүлзат Шойбекованың және монғолиялық қазақ қаламгерлер: Кәкей Жаңжуңұлының, Батай Мақабылұлының шығармаларын монғол тіліне аударған. Сонымен қатар бір топ монғол сатириктерінің туындыларын қазақшаға тәржімалап Баян-Өлгийде жеке кітап етіп бастырған.

Қазақ және монғол баспасөзінде алпыстан астам әңгімесі жарық көрген. Аудармашы осы жинақта Монғолия жазушыларының жиырма шақты әңгіме, повестері мен бір шағын романын түпнұсқадан тікелей аударып, қазақ оқырмандарына ұсынып отыр. 

Автор
Мадияр