KZNews.kz
Қоғам

Қуандық Бишімбаев экс-жұбайының туған күніне ерекше сыйлық жіберген

Ayzhan Sylanova
Фото: ulysmedia.kz

Назым Қаһарман туған күнінде 24 жылға сотталған бұрынғы күйеуінен “ерекше сыйлық” алғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше,

«Бүгін – менің туған күнім… Сонымен қатар, менің экс-күйеуім туған күніме сыйлық жасау үшін қатты тырысқан екен».

Таңертең оған Степногорскіден балалардың шетелге шығуына берілген рұқсатты кері қайтарып алу және балалармен араласу кестесін өзгерту туралы екі арыз жеткізілген.

«Мұны мен өте ерекше сыйлық деп қабылдадым», – деді ол.

Былтырғы сотта бұрынғы күйеуі әке құқығынан айырылмаған, бұл мәселеге қатысты даулар қазір де жалғасып жатыр.

Назым мұндай әрекетті күткенін де жасырмады.

«Мен қатты ренжіген жоқпын, өйткені шамамен осындай нәрсе болады деп күттім… Өкінішке қарай, ғажайып болмайды — мұндай адамдар әдетте өзгермейді, қайта нашарлайды. Бұл – менің жеке тәжірибеге негізделген пікірім», – деді ол.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары