ка

Қуандық Бишімбаевты тағы бір сот күтіп тұр

05.05.2025 09:37
0
239
Қуандық Бишімбаевты тағы бір сот күтіп тұр

Адвокат Ерлан Ғазымжанов 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаевты тағы бір сот талқылауы күтіп тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Газымжановтыңайтуынша, алдағы сот талқылауы алимент келісімінің өзгеруіне байланысты болмақ.

"Бұл келісім Қуандық бостандықта болып, бизнеспен айналысқан және табыс көзі болған кезде жасалған. Әрине, ол кезде балаларға алименттің шамадан тыс мөлшері тағайындалды. Қазір жағдай өзгерді ол жұмыс істемейді және бұл алиментті ата-анасына төлеуге тура келді. Сондай-ақ Қуандықта қандай да бір жинақ болды, сол жерден де қаражат алынды", - деді ол.

Адвокаттың айтуынша, Бишімбаев колонияда жұмыс істемейді. Өйткені бос орындар аз. Ал аимент келісімінің шарттарын адвокат құпия  екенін жеткізді.

Сондай - ақ, адвокаттың айтуынша, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдімен тағы бір сот талқылауы болуы мүмкін.

"Тағы бір сот талқылауы болады. Салтанат Нүкенованың ағасы Жоғарғы сотқа моральдық залалдың мөлшерін ұлғайту туралы шешімге конституциялық шағым түсірді. Шағым Жоғарғы сотта, іс тіркелген. Бірақ оның конституциялық сотқа берілетіні әлі белгісіз. Жалпы, ол 1,5 миллиард теңге сұрады. Бірінші сатыдағы сот 10 миллион өндіріп алды. Бұл ақша төленді. Бірақ ол 1,5 миллиард талап етуді жалғастыруда. Апелляция шешімді өзгеріссіз қалдырды", - деді Ерлан Ғазымжанов.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий