ка

"Қуана-қуана билет алдым": Аида Балаева әнші Дженнифер Лопестің концертіне баратынын айтты

23.04.2025 12:30
0
0
"Қуана-қуана билет алдым": Аида Балаева әнші Дженнифер Лопестің концертіне баратынын айтты

Министр Аида Балаева америкалық әнші Дженнифер Лопестің концертіне баратынын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, тамыз айында әлем жұлдызы Астана Арена кешенінде концерт бермек. 

"Мен Дженнифер Лопестің концертіне қуана – қуана барамын. Өйткені, оның аудиториясы кең, әлемдік мойындатқан таланты бар. Оны өз көзімізбен көргіміз келеді. Мен билет алдым, балаларыммен бірге осы концертке барамын", - деді мәдениет министрі үкіметте өткен брифингте.

Еске салайық, бұған дейін әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билет сатып алу кезінде Ticketon.kz сервисінде техникалық ақау пайда болған еді. Сервистің негізін қалаушы Алексей Ли Threads-тегі парақшасында ақаудың себебін түсіндірді. Ол әншінің жанкүйерлерінен кешірім сұрап, қолайсыздықтың орнын толтыратынына уәде етті. Алайда Instagram желісінде алып-сатарлардың жарнамасы тарады. Ол жақта билет құны 500 мың теңге көрінеді. Осылайша ол VIP орындарға билеттер ұсынып, фан-зонаға билет те сататынын айтқан.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий