"Көлікті 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала айдаған. Алдыңғы жолаушы орындығында 35 жастағы мас әкесі болған, оған қатысты 612-баптың 5 - бөлігі (Көлік басқару құқы жоқ адамға басқарма беру) және 613-баптың 1-бөлігі (Тоқтату туралы заңды талаптарды орындамау) бойынша екі әкімшілік хаттама жасалды", - деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметінде. Табельдік қаруды қолдануға қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Прокуратура келісімімен полиция қызметкері қаруды заңды қолданғаны анықталды. 14 жастағы кәмелетке толмаған баланың ата-аналарына қатысты материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін қала әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясына жолданды.View this post on Instagram
“Балағат сөз айтып, жау көреді”: Әнші Бүркіт ренішін жеткізді
Бүгін, 13:03