Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанайда маска киюді талап еткен жүргізушіні соққыға жыққан азамат ұсталды - Қазақстан жаңалықтары

Қостанайда маска киюді талап еткен жүргізушіні соққыға жыққан азамат ұсталды - Қазақстан жаңалықтары

Қостанайда автобус жолаушысы маска киюді талап еткен жүргізушіні соққының астына алған азамат қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бастапқыда жүргізуші бекітілген тәртіпке сәйкес, жолаушыны маскасыз автобусқа кіргізбеген. Жас жігіт оның талабын елемей, жүргізушіні ұрып, автобустан қашып кеткен. Іздестіру барысында Қостанай қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды», - делінген ресми хабарламада. 

Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен («Бұзақылық») тергеу басталды.

Өз кезегінде Қостанай облысы әкімдігі жанындағы ақпараттық штаб азаматтарды төтенше жағдайлар режимін сақтау бойынша талаптарға түсіністікпен қарауға шақырды


stan.kz
Автор
Еркебұлан