Қостанай облысы, Ашутасты ауылының тұрғындарын 5 наурыз күні қасқыр қауып алды. Бұл туралы өңірдегі қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап Alau.kz хабарлайды, деп жазады Stan.kz.
"Олар медициналық көмекке жүгінді. Құтыруға қарсы иммунитеттеу курсынан өтуде. Бала Арқалықтық өңірлік ауруханада стационарлық емдеуде, ал үлкен адам амбулаториялық емдеуде жатыр. Жануардың патологиялық материалы алынып, республикалық ветзертхананың Қостанайдағы филиалына жіберілді", — деп жазды карантинді және аса қауіпті жұқпаларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі Людмилла Налобина өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.
Налобинаның сөзінше, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті эпидемиологиялық бақылау бөлімімен бірге жануардан инфекция жұқтырған және құтыруға қарсы емдік курсты қажет ететін адамдардың бар не жоғын анықтауда.
stan.kz