Қостанай облысының 58 жастағы тұрғыны Наталья Владимировна Горобец жұмысқа кеткеннен қайта оралмаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Фото: Қостанай облыстық полиция департаменті
Алғашқыда Натальяны жақындары іздесе, енді бұл іске полицейлер қосылған.
Федоров ауданының Федоров селосында тұратын Наталья Владимировна Горобец 24 желтоқсан күні таңғы 08:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Алайда ол сол күні де, ертеңіне де үйге қайта оралмаған.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оның бойы - 165-170 см. Ірі денелі, шашы қысқа. Үйінен шыққанда үстіне қара түсті капюшоны бар мамық үлбір (пуховик) мен қара түсті шалбар, аяғына қара етік киген.