Қазақстанда мұғалімдерге гүл алуға және мектеп бітіру кештеріне жиналатын қаражаттың шекті мөлшері енгізіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанай облысында мектеп өртеніп кетті

Қостанай облысында мектеп өртеніп кетті
Фото: ашық деркккөзден

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы №5орта мектептің төрт қабатты ғимаратынан өрт шықты. Білім ошағының шатыры ашық жалынмен өртенген, деп хабарлайды kznews.kz.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жалын шарпыған аумақтың көлемі шамамен 1100 шаршы метрді құраған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖМ өрт сөндіру бөлімі мен жедел-құтқару жасағының күштері жедел жұмылдырылды.

«Өртті сөндіру барысында судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін нысаннан 300 метр қашықтықта орналасқан екі өрт гидранты пайдаланылды», — деп хабарлады мекеме өкілдері.

Оқиға орнында ТЖМ мамандарымен бірге полиция қызметкерлері және жедел медициналық көмек бригадасы кезекшілік атқарды.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында жалын сағат 22:45-те оқшауланып, шатыр конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Ал сағат 23:50-де өрт толықтай жойылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі уақытта мамандар материалдық шығын көлемі мен өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.