Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қосшыдағы спорт кешенінде жаттығу кезінде 10 жастағы қыз көз жұмды

Қосшыдағы спорт кешенінде жаттығу кезінде 10 жастағы қыз көз жұмды
Фото: Ашық дереккөзі

Ақмола облысының Қосшы қаласында орналасқан қоғамдық мәдени-спорт кешенінде қайғылы оқиға тіркелді: жаттығу барысында 10 жасар оқушының жағдайы күрт нашарлап, ол сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Алдын ала дерекке сәйкес, марқұм қыз «бронх демікпесі» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Сабақ кезінде денсаулығы сыр берген соң, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Жағдайы ауырлағандықтан, арнайы жабдықталған реанимобиль де жұмылдырылғанымен, дәрігерлер баланы аман алып қала алмады.

Қазір оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Ақмола облыстық полиция департаменті ахуалға қатысты төмендегідей мәлімдеме жасады.

«Кәмелетке толмаған баланың өлімі туралы дерек Қосшы қалалық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады».

Тергеу қорытындысына қарай спорт кешені қызметкерлерінің немесе өзге де жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға берілетіні хабарланды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер