Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елордада 21 жастағы қыз бассейнге батып көз жұмды

Елордада 21 жастағы қыз бассейнге батып көз жұмды

Елордадағы спорт кешенінің бассейнінен қыз бала өлі күйінде табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметінше, 16 қаңтар сағат 10.18-де полицияның кезекші бөліміне елордадағы спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Спорт кешенінің жаттықтырушысы бассейнде қозғалыссыз жатқан қызды көргені анықталды. Оны судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасай бастаған. Жедел медициналық жәрдем келген соң 21 жастағы қыздың қайтыс болғаны анықталды", - деді полицейлер.

Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы төрт адам болған. Қыздың бассейнге бірреттік абонентпен барғаны белгілі болды.

Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр.

Автор
Данияр