KZNews.kz
Қоғам

Қосшыда бала ажал аузынан аман қалды

Айжан Сыланова

Оқиға куәгерлері баланы көре сала бірден төтенше жағдайлар қызметіне хабар беріп, мамандар жылдам жеткен. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп, баланы аман-есен пәтерге кіргізген.

Полиция департаменті баланың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары ата-анасымен профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізіп, жазғы уақытта балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет екенін ескертті. Әсіресе терезелердің қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →