ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қорқау ит арыстанның азуынан құтылу үшін өлген кейіп танытты

Қорқау ит арыстанның азуынан құтылу үшін өлген кейіп танытты

Оқиға Зимбабве еліндегі Хванге ұлттық саябағында болған

Қорқау ит өлген кейіп танытып арыстанның азуынан құтылып кетті. Видео Kruger Sightings YouTube арнасында жарияланған.

Роликті Зимбабве еліне келген туристер түсіріпті. Гид қонақтарды антилопаны жеп жатқан қорқау иттерге жақынырақ алып келген. Кенет жабайы иттерге арыстан шабуыл жасайды. Жыртқыш қорқау иттердің бірін бас салып ұстап алыпты.

Тағы көріңіз: Арыстан туристерді қуамын деп жардан құлап кетті - видео

Олжасын азуына қыстырып арыстан кетіп бара жатады. Қорқау ит еш қимылсыз, аяғын салбыратып, өлген кейіп танытқан. Бір кезде арыстанның назары басқа итке түсіп, ол азуындағы қорқауды тастай ұмтылады. Бірақ екінші аңды ұстай алмайды.

Сол кезде өлген кейіп танытқан ит атып тұрып, қаша жөнелді. "Ойбай, тірі екен ғой!" – деп айғайлап жіберді туристердің бірі.

Қанағатсыз арыстан ең соңында олжасыз қалды.

Тағы көріңіз: Арыстан ұйқыдағы "сүйіктісін" оятамын деп бәлеге қалды - видео


sputniknews.kz
Автор
Әлихан