KZNEWS.KZ
Қоғам

Қорғаныс министрлігінің полковнигі әйел зорлады деген күдікке ілікті

• Айгерім Асылова

Қорғаныс министрлігінің полковнигі астаналық әйелді зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды  Kznews.kz

Orda сайтының мәліметінше, полицияға 47 жастағы Астана тұрғыны шағымданған. Ол танысы өзін зорлағанын айтқан. Оқиға болжам бойынша әскери қалашықта болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, күдікті — полковник, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері.

– Өтініш қаланың 47 жастағы тұрғынынан келіп түсті. Күдікті жәбірленушіге таныс болып шықты. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, қазір іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →