Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қорғаныс министрлігі Қазақстан екі тарапты да қолдамайтынын айтты

Қорғаныс министрлігі Қазақстан екі тарапты да қолдамайтынын айтты

Cенат отырысында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың Қазақстанға еш қатысы жоқ. Біз екі тарапты да қолдамаймыз, бұл тұрғыда сұрақ туындамауы керек», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Қамалетдинов Қазақстан қарулы күштерінің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығы туралы сұраққа да жауап берді.
«Әрине, бұл мәселе барлығын алаңдатады. Кешегі кездесуде министр сендіргендей, Қарулы күштер өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайын деп үміттенеміз. Қауіп қайдан келіп жатқанын қарауымыз керек. Егер ол сырттан келетін болса, әрине, біз ҰҚШҰ-ға кіретін мемлекет ретінде көмек көрсететін ұжымдық жедел күштерді пайдаланамыз», - деп түйіндеді сөзін Сұлтан Қамалетдинов.
Автор
Еркебұлан