Астанада 28 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы өтеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Іс-шараға дайындыққа байланысты 24 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады.
"Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу шаралары қауіпсіз биіктікте жүргізіліп, қала тұрғындарының қалыпты тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен көрсетілімдік ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің жоғарылауына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрлік хабарлауынша, барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылған және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді; түрлі түсті түтіндерді қолдану тек көрсетілімдік сипатқа ие және қоршаған ортаға зиян келтірмейді.