Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қордайға жаназаға барған елорда тұрғыны бірнеше адамға коронавирус жұқтырды

Қордайға жаназаға барған елорда тұрғыны бірнеше адамға коронавирус жұқтырды

Жамбыл облысының әкімдігі өңірде COVID-2019 инфекциясын жұқтырған алты адамға қатысты мәлімет берді

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында алты адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Барлығы Қордай ауданының тұрғыны, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Індетке шалдыққандар – 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылы туған азаматтар.   

"Алдын ала мәлімет бойынша, 17 наурыз күні Қордай ауданына жақын туысын жерлеу рәсіміне келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны жұқтыру көзі болған", - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігі.  

Байланыста болған адамдарды анықтау, оларды карантиндік стационарға орналастыру, зертханалық зерттеу үшін талдау алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған науқас Алматыдан келгенін жасырған 

Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрғылықты жері және барған жерлеріндегі ошақтарда дезинфекциялық өңдеу шараларын жүргізуде.  


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан