"АвтоЦОНдағы" жемқорлық: мемлекеттік корпорацияның мұнысы несі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қордайдағы апат: 4 адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Қордайдағы апат: 4 адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков Алматы-Ташкент тас жолында 11 адам қаза болған апат жайлы өзге мәліметтер айтты.

Жәбірленушілерден сегіз адам әскери ауруханада жатыр, деп хабарлады "24 Хабар" агенттігі.

Орынбековтың айтуынша, 4 адам жансақтау бөлімінде.

Қаза болған 10 адам автобус жолаушысы (барлығы 47 жолаушы мен жүргізуші), біреуі Toyota Camry автокөлігінің жолаушысы.

Естеріңізге сала кетейік, қаза тапқандардың жетеуі - Өзбекстан азаматтары, үшеуі - қазақстандық. Тағы бір жәбірленушінің тұлғасы анықталып жатыр.


stan.kz
Автор
Жандос