"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қолыңды қол, бұтыңды бұт қыламын»: Балғынбек Имашев жас айтыскерлерге жауап берді

«Қолыңды қол, бұтыңды бұт қыламын»: Балғынбек Имашев жас айтыскерлерге жауап берді
Коллаж: Sn.kz

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев жас ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезханның өзіне бағыттаған мысқылына жауап беріп, оларды сабырға шақырды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Желіде тараған видеода Жандарбек пен Сырым Имашевты қағытып, сөз қайтаруға үндегені байқалады. Бұған жауап ретінде Балғынбек олардың жас болғанымен, көпке үлгі боларлық жауапкершілікті ұмытпай, әуелі өз-өзіне қарап сөйлеуі керегін еске салды. Ол сөз арасында Еңлікке тиісуді доғаруды талап етіп, қатаң ескерту жасады.

"Не деп айтайын ақыл айтайын Сырым саған? Жандарбекпен ұстап тұр жыным саған. Мәтін талдап, елге ақыл айтпас бұрын. қарамай ма бірінші өзіне адам? Қарындасқа күлсеңдер, тік тұрамын. Шыр-пыр болып шырылдап шықты жаным. Бұдан бұлай тисеңдер Еңлікке, Қолыңды қол, бұтыңды бұт қыламын!", - деді ол.

Сондай-ақ Балғынбек Имашев аталған жас ақындармен 12 ақпан күні сахнада кездесіп, бетпе-бет сөйлесетінін айтты.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер