"Қоржынға екінші қола түсті" – Абылайхан Жұбаназар үздік үштікте
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар": Балғынбек Имашев Ринат Зайыттың сөзі дұрыс болғанын айтты

"Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар": Балғынбек Имашев Ринат Зайыттың сөзі дұрыс болғанын айтты
Фото: Ашық дереккөзі

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев сұхбатында дінге қатысты көзқарасын айтып, Ринат Зайытовтың алаяқтық туралы сөзін кейінірек басқаша түсінгенін жеткізді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Айтыскердің айтуынша, қоғамда дінді көбіне сыртқы белгілермен ғана өлшейтін түсінік бар. Ол бір кездері бұл пікірге қарсы болғанын, алайда кейін өмір тәжірибесі мен көрген жағдайлары көзқарасын өзгерткенін жасырмады.

"Діндар адам, намазхан екен десе сеніп қаламыз ғой. Кезінде Ринат "намазхандардың" көбісі алаяқтар дегенде қарсы шығып, олай айтпа деп едім. Кейіннен қарасам шынымен біз діннің тек сыртқы келбетін алып алған екенбіз. Сақал қою, намаз оқу. Негізі дін деген ол аманат. Ол адамның ақысын жемеу, уәдеде тұру, қарызыңды қайтару, біреудің аманатын қайтару. Себебі әрбір мұсылманның ары, жаны, малы құрметті. Харам деген сол нәрселерге қол сұғуға рұқсат жоқ деген сөз. Құрметті деген сөз жатыр. Сол нәрселерге мән бермей мынау намаз оқиды ғой деп сеніп қаламыз. Неге көп жағдайда елді алдағанда алаяқтар Алланың атын жамылады. Себебі дінге, Аллаға деген құрметін пайдаланып, елдің аяғын аспаннан келтіреді", - деді айтыскер.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер