"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қолында түгі жоқ жігітке тұрмысқа шықтым": Мөлдір Мұқан ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

"Қолында түгі жоқ жігітке тұрмысқа шықтым": Мөлдір Мұқан ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал продюсер Мөлдір Мұқан "Тек қана қыздар" подкастына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттарды ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Сұхбат барысында Мөлдір ауқатты, дәулетті отбасында өссе де, өмірлік серігін таңдауда материалдық жағдайға емес, махаббатқа басымдық бергенін жеткізді. Оның айтуынша, бала күнінен жоқшылық көрмеген: үйінде бірнеше теледидар болған, ауылдағы алғашқы түрлі түсті теледидар мен жұмсақ диван да олардың шаңырағында тұрған.

"Қолында түгі жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Сол себепті бәрін нөлден бастадық", – деді ол.

Сондай-ақ Мөлдір ата-анасынан ерте айырылып, өмірдің ауыр сынақтарынан өткенін де атап өтті.

Бұл сұхбат әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Кейбір қолданушылар оның ашықтығы мен жеке таңдауына түсіністікпен қараса, енді біреулері бұрынғы жұбайына қатысты айтқан пікірлерін орынсыз деп сынады. Осылайша, желіде қолдау мен сын қатар өрбіді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер