Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қолма-қол ақша шештің, базаға іліктің»: Ұлттық банк банкоматтарға қатысты тараған хабарламаға жауап берді

«Қолма-қол ақша шештің, базаға іліктің»: Ұлттық банк банкоматтарға қатысты тараған хабарламаға жауап берді
Фото: depositphotos.com

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мемлекет тарапынан банк терминалдары (банкоматтар) арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтардың деректер базасы құрылды деген ақпараттың таралу фактілерін анықтады. Аталған ақпарат манипулятивті сипатқа ие және шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ұлттық банк елімізде қолма-қол ақша алу фактісі бойынша тізілімдер қалыптастырылмайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында банкоматтарда бейнебақылау камералары орнатылған. Аталған камералар қылмыстардың (алаяқтық немесе ұрлық) алдын алуға, сондай-ақ клиенттердің және ықтимал құқық бұзушылардың әрекеттерін тіркеу арқылы оқиғаларды тергеп-тексеру барысында пайдалануға мүмкіндік береді. Бейнежазбаларды сақтау даулы жағдайлар мен құқық бұзушылықтар кезінде дәлелдеме ретінде қызмет етеді және банк клиенттері мен қаржы ұйымдарының мүдделерін қорғауға бағытталған.

Бұл талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №205 Қаулысымен бекітілген. Аталған қаулыға сәйкес, банктер банкоматтарда төлем карточкасын ұстаушының бет-жүзін тіркеуге мүмкіндік беретін кемінде бір бейнекамера орнатуға міндетті. Бейнежазбаларды сақтау мерзімдерін біріздендіру мақсатында, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер бейнеақпаратты кемінде 180 күнтізбелік күн сақтау талаптарын орындауға тиіс.

Қолданыстағы заңнамада банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алатын тұлғаларды алу жиілігіне немесе сомасына қарамастан тіркеу жөнінде өзге талаптар көзделмеген.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы контент жасаушыларды құқықтық нормаларды бұрмалап түсіндіруден және қоғамда негізсіз алаңдаушылық туғызатын ақпаратты таратудан бас тартуға шақырады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы уәкілетті мемлекеттік органдарға «eOtinish» ақпараттық жүйесі арқылы ресми сауал жолдап, шынайы әрі расталған ақпарат алу құқығына ие.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі