278 млрд доллар: импорт иірімі жұтқан қаржы Ұлттық қорды орап ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақша аударымдарында не тексеріледі? Вице-министр жауап берді

Ақша аударымдарында не тексеріледі? Вице-министр жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов азаматтар арасындағы қарапайым ақша аударымдары кәсіпкерлік қызмет ретінде қарастырылмайтынын және салықтық бақылауға жатпайтынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, кофе, түскі ас үшін төлем, туыстарға көмектесу немесе қайырымдылық мақсатындағы аударымдар сынды күнделікті қаржылық операциялар бақылау тетіктеріне ілінбейді.

Вице-министрдің сөзінше, бақылау жүйесі заңнамада нақты бекітілген, ал Ұлттық банк тиісті ережелерді бекіткен. Банктерден алынатын мәліметтер тек тәуекел белгілеріне сәйкес келетін операциялар бойынша салық органдарына беріледі.

«Біз банктерден бірінші тоқсан бойынша деректерді аламыз. Яғни “қызыл жалауша” белгілеріне ілінген операциялар ғана салық органдарына жолданады», — деді Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, бұл мәліметтер камералдық бақылау аясында қарастырылады. Қажет болған жағдайда азаматтарға түсініктеме беру немесе салық есептілігін ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Министрлік өкілінің айтуынша, жаңа жүйе бойынша қарапайым тұрмыстық аударымдар — туған күн, отбасылық іс-шаралар немесе ұжымдық жинақтар — кәсіпкерлік қызмет ретінде танылмайды.

Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мобильді аударымдарды бақылауға қатысты жаңа критерийлер енгізіледі. Егер бір тұлғаға үш ай қатарынан 100 және одан да көп әртүрлі адамнан ақша түссе және жалпы сома 12 ең төменгі жалақыдан (1 020 000 теңге) асса, салық органдары қосымша тексеру жүргізуі мүмкін.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.