Қазақстан VS Өзбекстан: бауырлас елдер экономикалық бәсекелес пе?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қолдарында үлкен дорбасы бар”: Атырауда бүтін бір отбасыны өлтіргендердің сұмдық видеосы тарады

“Қолдарында үлкен дорбасы бар”: Атырауда бүтін бір отбасыны өлтіргендердің сұмдық видеосы тарады

Атырау облысында бірнеше адамның өліміне қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста Сұлтан Сәрсемәлиевтің ломбардқа алтын бұйымдарды өткізген сәті түсірілген бейнежазба көрсетілдІ, деп хабарлайды kznews.kz dalanews.kz сайтына сілтеп. 

Сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындағанымен, бірқатар айыптармен келіспейтінін айтқан. Атап айтқанда, ол Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі қасақана емес, абайсызда болғанын мәлімдеген.

Тергеу органдарының мәліметінше, психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы Сәрсемәлиевтің қылмыс жасалған сәтте өз әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болғанын көрсеткен.

Сондай-ақ тергеу барысында бұл іске басқа адамдардың қатысы анықталмағаны хабарланды.

Қазір сот отырыстары жалғасып жатыр. Іс материалдары мен дәлелдемелер кезең-кезеңімен зерттелуде.

Еске салайық, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс қаралып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.