KZNews.kz
Саясат

Қоянбаев Қазақстан туын елдегі ең биік ғимаратқа көтерді

KZNEWS

КВН-нің танымал ойыншысы, актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоянбаев видео үшін Қазақстан туын көтеріп, елдегі ең биік ғимарат - "Абу-Даби Плаза" кешенінің Qazaqstan мұнарасына шықты.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстанда тәуелсіз республиканың жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба және Әнұранның туған күні ретінде мәңгілік қалады.

Бұған дейін Нұрлан Қоянбаев туға қатысты флешмоб ұйымдастырып, Қазақстан халқына үндеу жасаған болатын.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары