KZNews.kz
Ислам нұры

Қой етін де, балық та жемедім...

KZNEWS

Әбу Ханифа заманында Куфада әлдекімнің бір қойы жоғалады. Осыны естіген имам жеті жыл бойы қой етін ауызға алмайды. Себебін сұрағандарға:

-  Ұрланған қойдың етін жеу харам болғандықтан, абайсызда сол еттен жеп қойып жүрмейін дедім. Бір қойдың орташа өмірін есептетуім сондықтан, - деп жауап береді.

Бұл уақытта имам балық та жемеген екен, өйткені біреулердің бір қойды сойып, етін алып, ішек-қарынын өзенге ағызып жібергенін көрген деседі.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары