Цифрландыру циклі: елдегі шағын және орта бизнес көш басында
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазіргідей тағдыршешті сәтте әр дауыс маңызды - Мәулен Әшімбаев

Қазіргідей тағдыршешті сәтте әр дауыс маңызды - Мәулен Әшімбаев
Kazinform

Сенаттың төрағасы болған Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуіне қатысты пікір білдіріп, алдағы сайлаудың ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Президент үндеуінде алдағы жексенбіде өтетін Құрылтай сайлауы ел тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға екенін және егемен Қазақстанның даму жолындағы жаңа кезеңнің бастауына айналатынын айтты.

Мәулен Әшімбаев Құрылтайдың алғашқы сайлау науқаны мазмұнды, ашық, бәсекеге толы әрі өркениетті сипатта өткеніне назар аударды. Партиялар өз бағдарламаларын кеңінен таныстырып, сайлаушылар ел болашағына қатысты ұсыныстар мен бастамаларды зерделеуге мүмкіндік алды.

Оның пікірінше, қоғамдық пікірталасқа жастардың, кәсіби сарапшылар мен кәсіпкерлердің белсенді араласуы қоғамның саяси мәдениеті мен азаматтық белсенділігінің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

– Президентіміз сайлауалды кезеңде еліміздегі қоғамдық күн тәртібінің де өзгергеніне айрықша тоқталды. Жасампаздық пен өркендеу идеялары алдыңғы қатарға шығып, жаңа тұлғалар мен ұтымды ұсыныстарға жол ашылды. Мұның бәрі Мемлекет басшысының бастамасымен соңғы жылдарда жүзеге асырылған реформалардың нақты нәтижесі екені сөзсіз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол Президент үндеуінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты үстемдік құратын, халық үніне құлақ асатын, саяси және қоғамдық институттары тиімді жұмыс істейтін мемлекет құру міндетіне баса мән берілгенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жаңа Құрылтай осы мақсаттарға қызмет етіп, кәсіби мамандар мен отаншыл азаматтар бас қосатын, ел келешегіне қатысты маңызды шешімдер қабылданатын саяси алаңға айналуға тиіс.

Ол қазіргі күрделі геосаяси ахуалда ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтап, реформаларды жүйелі түрде жалғастырудың маңызы зор екенін жеткізді.

– Сайлауға қатысу – дауыс беру ғана емес, қастерлі Отанымыздың болашағына деген жауапкершілігімізді нақты іспен дәлелдеу. Қазіргідей тағдыршешті сәтте әр дауыс маңызды. Әр таңдау – Қазақстанның болашағына қосылған үлес. Сондықтан барша азаматты алдағы жексенбіде сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырамын, – деді Мәулен Әшімбаев.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.