"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қажылыққа барған Қайрат Нұртас Меккеде көз жасына ерік берді (видео)

Қажылыққа барған Қайрат Нұртас Меккеде көз жасына ерік берді (видео)

Әнші Қайрат Нұртас өзінің мұсылмандық парызын орындауға Мекке қаласына барды. Өнер иесі қасиетті мекенде құлшылық ету кезінде көз жасына ерік берген. Оның әсерлі сәті әлеуметтік желіде бірден тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайрат Нұртас қасиетті Рамазан айында Меккеге аттанып, Қадыр түнін сол жақта қарсы алған. Оған қоса әнші 150 адамға ауызашар беріп, сауапты іс жасады. Әртістің бұл сапарынан Instagram желісінде түрлі фото мен видеолары тарап кетті. Олардың бірінде Қайрат Нұртастың жылап қалғанын көруге болады. Өнер иесі құлшылық ету кезінде шыдамай көз жасына ерік берген. Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, өз жылы лебіздерін жаудырды. "Алла бізгеде нәсіп етсін ИншАлла жұбайыммен баруды. Қайрат дұға-тілектеріңіз қабыл етсін”, “Әмин! Қайратжан өзіңнің де дұға тілегің қабыл болсын! Бізге де Меккеге баруды Алла тағалам нәсіп етсін! Бала-шағамыз аман болсын! Әмин!”, "Бұл жерде жыламау мүмкін емес", - деп жазуда көпшілік. Ал кейбір оқырмандар оны құлшылық еткенін желіде жариялап жатқаны үшін сынға алған.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары