WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақтелекомның» 18 мың қызметкері жаппай медициналық тексеруден өтеді

«Қазақтелекомның» 18 мың қызметкері жаппай медициналық тексеруден өтеді
Фото: Қазақтелеком

Биыл «Қазақтелеком» компаниясының 18 мыңға жуық жұмысшысы еліміздің 206 елді мекенінде жаппай медициналық тексеруден өтеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мамандардың денсаулығын бақылау мақсатында қолға алынған ауқымды шара ірі қалалармен қатар аудан орталықтары мен шалғай ауылдарды да толық қамтып отыр. Барлық қызметкердің дәрігер қабылдауына кедергісіз кіруін қамтамасыз ету үшін өңірлерде үш бірдей жылжымалы медициналық кешен іске қосылды. Еңбек заңнамасына сәйкес ұйымдастырылатын бұл дәстүрлі тексерулер өндірістік қауіпсіздік жүйесінің маңызды бөлігі саналады әрі адамдардың денсаулығындағы ықтимал қауіптерді ерте анықтап, алдын алу шараларын уақытылы қабылдауға көмектеседі.

«Қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау – «Қазақтелеком» АҚ-дағы өндірістік қауіпсіздіктің негізгі қағидаттарының бірі. Біз үшін әрбір қызметкердің жұмыс орны мен өңіріне қарамастан медициналық тексеруден өтуіне мүмкіндік жасау маңызды. Медициналық тексерулерді жүйелі түрде өткізу қызметкерлердің денсаулығын сақтауға және компанияда қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді «Қазақтелеком» АҚ Өндірістік қауіпсіздік дирекциясының директоры Нурия Муфтеева.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары