WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақтелеком» басшылары қызметкерлердің еңбек жағдайын тексеру үшін байланыс нысандарын аралады

«Қазақтелеком» басшылары қызметкерлердің еңбек жағдайын тексеру үшін байланыс нысандарын аралады
Фото: Қазақтелеком

«Қазақтелеком» компаниясының топ-менеджерлері қатардағы қызметкерлердің қауіпсіздігі мен күнделікті еңбек жағдайын бақылау мақсатында телекоммуникация инфрақұрылымы нысандарына тікелей барып қайтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Бас әкімшілік директор Ержан Мейрамов пен Сервистік фабриканың бас директоры Айтолды Рақымұлы арнайы көшпелі гемба аясында желіні пайдалану барысымен танысты. Олар өндірістегі өзекті мәселелерді шешіп, жұмыс процесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды мамандармен бірге талқылады. Бұл ретте басшылық жұмыстың нақты орындалу барысын бағалап, бөлімшелер қызметінің ерекшелігін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

Тексеру кезінде әсіресе биіктікте және жерасты кабель кәріздерінде атқарылатын қауіпті жұмыстардың орындалу тәртібіне баса назар аударылды. Топ-менеджерлер қызметкерлердің жеке қорғаныс және сақтандыру құралдарын қаншалықты дұрыс пайдаланатынын көзбен көрді. Нысандарға осындай форматта бару басшылыққа жұмыс жағдайын шынайы бағалауға және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шешімдерді дер кезінде қабылдауға жағдай жасайды.

«Гемба – өндірістік үдерістердің тиімділігін арттырудың және ашық өзара іс-қимыл мәдениетін дамытудың маңызды құралы. Нысандарға шығу қызметкерлердің еңбек жағдайларымен тікелей танысуға, өндірістегі өзекті мәселелерді талқылауға және оларды одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау компанияның сөзсіз басым бағыты болып қала береді», – деді Сервистік фабриканың бас директоры Айтолды Рақымұлы.

Мұндай көшпелі тексерулер басшылардың процеске тікелей қатысуына және қызметкерлермен ашық диалог орнатуына жол ашып, өндірістік қауіпсіздік мәдениетін дамытудағы маңызды қадам болып саналады. Бұл бағыт телекоммуникациялық желілерге қызмет көрсету сапасын жүйелі түрде арттыруды көздейді.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары