KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қазақстанның тағы 3 қаласында LRT салынуы мүмкін

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Алматыдан Алатау қаласына дейін метро тарту әзірге жоспарланбаған. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте вице-премьер Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Алатау қаласының халқы әлі аз болғандықтан, метро салу тиімсіз. Қазір билік Алматы, Алатау және Қонаев арасында LRT желісін дамыту, әуе көлігі мен басқа да балама транспорт түрлерін қарастырып жатыр.

Қанат Бозымбаевтың сөзінше, жоба бойынша халықаралық сарапшылар жұмыс істеуде және басты мақсат — тиімді әрі үнемді көлік шешімін табу.

Сондай-ақ ол жаңа қалада көлік кептелісі болмайтынын айтып, Алатаудың бас жоспары халықаралық компаниялардың қатысуымен әзірленіп жатқанын жеткізді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →