"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның қай өңірлерінде бензин қымбаттады?

Қазақстанның қай өңірлерінде бензин қымбаттады?
фото: freepik

2025 жылғы сәуірде еліміздегі жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы 0,4%-ке өсті, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі Energyprom.kz порталына сілтеп.

Жанармай бағасы бір жыл ішінде 2,2%-ке қымбаттаған. Нақтырақ айтқанда, сәуір айында АИ-95/96 және АИ-98 бензині 0,1%-ке, ал АИ-92 — 0,4%-ке өсті. Жылдық динамикада АИ-92 — 1,8%, АИ-98 — 3,2%, АИ-95/96 — 4,3%-ке қымбаттаған.

Бензин бағасының ең көп өскені Жамбыл облысында тіркелді — бір айда бірден 1%-ке өсті. Сондай-ақ Абай және Түркістан облыстарында және Шымкентте 0,8%-ке көтерілген.

Ең аз өсім Солтүстік Қазақстан облысында байқалды — 0,1%. Ал Ақтөбе, Ұлытау облыстарында және Алматы қаласында баға өзгерген жоқ. Батыс Қазақстан облысында бензин керісінше 0,1%-ке арзандаған.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан