Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның оңтүстігінде жарық неге өшіп қалғаны белгілі болды

Қазақстанның оңтүстігінде жарық неге өшіп қалғаны белгілі болды
фото: shutterstock

Энергетика министрлігі Алматы мен Алматы облысында жарықтың неге өшіп қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрліктің хабарлауынша, 2026 жылғы 14 тамызда энергетикалық жүйеде қуаттың күрт артуы орын алып, оған Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруі себеп болды. Нәтижесінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, кейбір өңірлеріндегі тұтынушылар ажыратылды.
 

"Қазіргі уақытта жүйелік оператор «KEGOC» АҚ қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Кей өңірлерде электр энергиясымен қамту қалпына келді. Жағдай ҚР Энергетика министрлігінің бақылауында. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы толық ақпарат қосымша хабарланады", - делінген хабарламада.

Энергетика министрлігі қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ желілері бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілгенін мәлімдеді.
 

"Қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізуде. Жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, жекелеген пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан орын алды деген ақпарат таралуда. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы мен Алматы облысының бірқатар ауданында электр энергиясы өшіп қалғанын жазған едік

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі