Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы қаласы мен Алматы облысының бірқатар ауданында электр энергиясы уақытша ажыратылды

Алматы қаласы мен Алматы облысының бірқатар ауданында электр энергиясы уақытша ажыратылды
Фото: ашық дереккөз

2026 жылғы 14 тамызда сағат 14:38-де «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің авариялық ажыратылуы салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде аварияға қарсы автоматика іске қосылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Нәтижесінде Алматы қаласы мен Алматы облысының бірқатар аумағында электр энергиясын тұтынушылар уақытша ажыратылды. Ажыратылған жүктеме көлемі 300 МВт-ты құрады.

Алматы облысында электр энергиясы ажыратылған аумақтар:

Жамбыл ауданы;

Балқаш ауданы;

Есік ауданы;

Қарасай ауданы;

Шелек ауданы;

Райымбек ауданы;

Ұйғыр ауданы;

Іле ауданы;

Кеген ауданы;

Талғар ауданы.

Алматы қаласында:

Бостандық ауданы;

Наурызбай ауданы;

Әуезов ауданы;

Алатау ауданы.

Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуді қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуде.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.