Спорт

Қазақстандықтарға ренжулі спортшы Сабина Алтынбекова елге оралды

Қазақстандықтарға ренжулі спортшы Сабина Алтынбекова елге оралды
Фото: instagram.com/altynbekova_20/

28 жастағы спортшы өткен маусым алдындағы дайындықты да «Астанамен» бірге өткізіп, кейін Индонезия чемпионатына аттанған еді. Бұған дейін бірнеше жыл бойы БАӘ-нің «Әл-Васл» клубында ойнап, Араб лигасының чемпионы атанған Сабина өткен маусымды Индонезия біріншілігінде өткізіп, халықаралық тәжірибесін арттырды.

Сабина отандық БАҚ-тың өзіне қатысты жарияланымдарына көңілі толмайтынын да айтқан. Оның пікірінше, қазақстандық ақпарат құралдары көбіне сәтсіздіктерді ғана жазып, жетістіктерге назар аудармайды.

«Басқа елдерде тек жақсы жаңалықтарды айтады. Бізде керісінше — негативке толы. Комментарийлерді оқысаң, алыстан жау іздеудің қажеті жоқ екенін түсінесің. Өзімізді өзіміз құртамыз. Сол себепті талантты жастар шетелге кетіп жатыр. Өйткені елде оларды қолдамайды, бағаламайды», — дейді ол.

Спортшының айтуынша, шетелде қолдау әлдеқайда жоғары.

«Басқа ел, басқа адамдар, бірақ олардың қолдауы қазақтарға қарағанда көбірек. Рахмет, Индонезия! Мен сіздерді жақсы көремін», — деп бөлісті Сабина Алтынбекова.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz