«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтардың жалақысы қашан өсетіні белгілі болды - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандықтардың жалақысы қашан өсетіні белгілі болды - Қазақстан жаңалықтары

Бүгін Парламент "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгертулер енгізді. 1 маусымнан бастап мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы артады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Сурет: Хабар24

Бүгін мәжілісте Қазақстан Республикасының "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы қаралды. Аталған заңға өзгеріс енгізуді сенат депутаттары ұсынған болатын. 

Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Серік Құсайынов аталған заңға сәйкес қазақстандықтардың жалақысы өсетінін айтты. Сондай-ақ, елдегі шығын көлемін 38 миллиард теңгеге арттыру ұсынылды. 

"Сенат енгізген өзгертулер президенттің мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын өсіруді 1 шілдеден 1 маусымға жылжыту тапсырмасын орындауға бағытталған", - деді Серік Құсайынов. 

Бұдан өзге Серік Құсайынов мәжілістің қаржы және бюджет комитеті сенат ұсынған өзгерістерді енгізуге келісіп отырғанын жеткізді. 


stan.kz
Автор
Арман