Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтар тұңғыш рет FIDE мүшелігіне өтті

Қазақстандықтар тұңғыш рет FIDE мүшелігіне өтті

Халықаралық шахмат федерациясы президенті кеңесінің шешімі бойынша алты қазақстандық FIDE-нің ресми комиссия мүшесі атанды,-деп хабарлады "Егемен Қазақстан" басылымыКомис­сия мүшелерін FIDE әр төрт жыл сайын бекітіп, әр елдегі шахматтың таны­малдығына, даму қарқынына қарап таң­дайды.

Еліміздің атынан Жандос Әбішев Халықаралық шахмат федерациясының іс-шаралар бойынша, Ирина Грищенко әлеуметтік мәселелер жөнінде, Евгений Владимиров білім беру саласының комиссия­сының мүшесі атанды. Сондай-ақ Дәрмен Сәдуақасов жаһандық стратегиялық комиссия мүшелігіне, Динара Сәдуақасова ережелер және Гүлмира Дәулетова жеребе бо­йынша комиссияның өкілі болып сайланды. Алдағы төрт жылдықтың комиссия мү­шелігіне әлемнің 130 елінен 224 өкіл сайланды. Қазақстан ең көп өкіл қосқан ел ретінде Ресей мен АҚШ-тан кейін үшінші орында тұр. Бұған дейін FIDE-ге бірде-бір қазақстандық өкіл сайланбаған болатын.


prosports.kz
Автор
Жандос