KZNEWS.KZ
Аймақ

Қазақстандықтар Тайландта енді 30 күн ғана визасыз бола алады

• Жарқын Омаров
Фото:depositphotos.com

Қазақстан азаматтарының Тайландта визасыз болу мерзімі 60 күннен 30 күнге дейін қысқарады. Өзгеріс 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тайланд Министрлер кабинетінің шешіміне сәйкес, жаңа талап бірқатар мемлекет азаматтарына, соның ішінде қазақстандықтарға да қатысты.

Өзгеріс күшіне енгеннен кейін Қазақстан азаматтарына Қазақстан мен Тайланд үкіметтері арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің ережелері қолданылады.

Келісім бойынша қазақстандықтар Тайландқа кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады. Бұл ретте әрбір 180 күн ішінде елде визасыз болудың жалпы мерзімі 90 күннен аспауы тиіс.

Сондықтан Тайландқа сапар жоспарлаған қазақстандықтарға жаңа көші-қон талаптарын ескеру ұсынылады.

Егер елде 30 күннен ұзақ болу қажет болса, тиісті визаны алдын ала рәсімдеу керек.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →