Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтар Қордайда адамдар қағып кеткен құбыжықты талқылап жатыр

Қазақстандықтар Қордайда адамдар қағып кеткен құбыжықты талқылап жатыр

Әлеуметтік желіде «Қордайдағы құбыжық» туралы видео тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Видеоны көптеген адам Instagram желісіндегі танымал топтарға жібере бастаған. Соның бірі @aqparat.kz парақшасында пайда болған. Видеода адам бойымен бірдей ит жолда жатқаны көрсетілген.

«Жігіттер, мына бәлені қараңдар. Ит екен деп қағып кеткенбіз. Қордай асуында қағып кеттік. Түсіп, барып қарайық десек, аяқ-қолы бар, бойы ұзын. Шок болып жатырмыз», – дейді видеодағы ер адам.

Тағы бір топқа бұл видеоны мыңдаған адам жіберген екен.
«Бұл фейк, монтаж! Видеоға даусын қоя салған. Қордайда ондай құбыжық жоқ. Сабыр сақтаңыздар, ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ!»  – делінген жазбада.

Бұл расымен фейк ақпарат. Видеоның түпнұсқасы португал тілінде жарияланған. Желіде тарап кеткен видео бразилиялық топ жасаған контенттің бөлігі ғана: сценарий бойынша, бір топ адам қауіпті жануарға кезігеді. Мифологиялық құбыжық қолдан жасалған қуыршақ.

https://youtu.be/ozYHlLCtfj8

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары