Жемқорлыққа нөлдік төзімділік: «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясынан жауап келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тарта ала ма?

Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тарта ала ма?

COVID-19 вакцинасын салдыру міндеттелген күннің өзінде қазақстандықтар екпеден жазбаша түрде бас тарта алады

АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыру баршаға міндетті бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әзірге коронавирусқа қарсы вакцина жоқ. Инфекцияның таралуын шектеудің жалғыз тиімді тәсілі – карантин мен жеке санитарлық қауіпсіздік шаралары. Бүкіл әлемнің ғалымдары COVID-19 вакцинасын жасау үшін жұмыс істеп жатыр", - деді вице-министр.

Ал вакцинаны шығарған жағдайда қазақстандықтардың таңдау мүмкіндігі сақталады.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, міндетті вакцина мәжбүрлі түрде салынбайды. Қазақстандықтар екпеден жазбаша түрде бас тарта алады.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқыны басталып кетті – Біртанов

"Ол вакцина пайда болған кездегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Егер эпидемиологиялық жағдай вакцина салуды талап ететін болса, ол эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті вакциналар қатарына енеді", - деді Ақтаева.

Мұндай жағдайда қазақстандықтар келісім беруге немесе вакцинациядан бас тартуға құқылы.


sputniknews.kz
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары