"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық хоккейші матч кезінде мұз үстінде қайтыс болды

Қазақстандық хоккейші матч кезінде мұз үстінде қайтыс болды
Фото: Бейнежазбадан кескін

Қарағандыда әуесқой хоккей лигасы аясындағы матч кезінде «СКА-Приозерск» командасының 46 жастағы ойыншысы қайтыс болды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Оқиға туралы “Патриот” телеграм арнасы жазды. Мәліметке сүйенсек, ойын барысында хоккейшінің жағдайы кенеттен нашарлаған.

Куәгерлердің айтуынша, ол алдымен тізерлей отырып тоқтап, артынша есінен танып мұз айдынына құлаған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері спортшының қаза болғанын растаған.

«Ер адам құлағаннан кейін бірден қайтыс болған. “Жедел жәрдем” келген кезде оның көз жұмғанын растады», — деп жариялады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер