Шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерных Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтижені тіркеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Италияның Валь-ди-Фьемме кластерінде шаңғымен тұғырдан секіруден үлкен трамплинде Илья Мизерных пен Данил Васильев те финалда өнер көрсетті.
Илья Мизерных іріктеу кезеңінде ТОП-10-ға кірді.
2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Канвон Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных іріктеу кезеңінде ең ұзақ 140,5 метрге дейін секірді.
Жүлдегерлер:
1-орын. Домен Превц (Словения) - 301.8 ұпай
2-орын. Рен Никайдо (Жапония) - 295.0 ұпай
3-орын. Кацпер Томасяк (Польша) - 291.2 ұпай8-орын. Илья Мизерных - 281.6 ұпай
27-орын. Данил Васильев - 235.9 ұпай
Илья Мизерных жарыс барысында Олимпиада чемпионы Филипп Рейменд (Германия), Йоханн Андре Форфанг (Норвегия), Андреас Веллингер (Германия) сынды фавориттерден озып кетті.