Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық өнерпаз "Танцы на ТНТ" шоуында үшінші орын алды - Өнер

Қазақстандық өнерпаз "Танцы на ТНТ" шоуында үшінші орын алды - Өнер

Алматылық Александр Ли ресейлік "ТНТ" телеарнасындағы "Танцы" шоуында қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенбі, 22 желтоқсанда төрт айға созылған "Танцы на ТНТ" бесінші маусымы аяқталды. 21 жастағы Тула (Ресей) қаласының тумасы Алексей Летучий жеңімпаз атанып, үш миллион рубльді қанжығасына байлады.

Екінші орынды израильдық Юви есімімен танымал 25 жастағы Юваль Ламай иеленді. 

Қола жүлдені Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі алматылық Саша Ли жеңіп алды. 

Маусымның финалдық кезеңінде Саша Ли Ювимен сахнада мюзикл ұйымдастырды. Бұл олардың бірге орындаған үшінші жұмысы.

Айта кетейік, Александрдың финалға шығуына қазақстандық әнші, BlackStar лейблының мүшесі Наzима көмектескен еді.

Биші Алматыға келген соң Instagram желісінде отандастарына қолдаулары үшін алғыс білдірді.

Еске салайық, "Танцы на ТНТ" шоуының үшінші маусымында Риддер (ШҚО) қаласының тұрғыны Дмитрий Щебет жеңімпаз атанған еді. Жеңісінен соң ол анасына жаңа пәтер алып беріп, өзі жеке биші ретінде өнер көрсетіп жүр.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Арман